Русский Сайттың толық нұсқасы

Көпқабатты үйден өрт шығып, бір құтқарушы жансақтау бөлімінде жатыр

  • AstanaTV
  • 16 қараша 2022
  • 1851

Елордада көпқабатты үйдің бірінде өрт шықты. "Қызыл жалынды" ауыздықтап жатқан 2 өрт сөндірушінің өздерін күйік шалды. Оларды дереу ауруханаға апарған. Біреуі жансақтау бөлімінде жатыр. Оқиға бүгін түскі 11-лер шамасында Бауыржан Момышұлы даңғылында орын алды. Төтеншеліктердің айтуынша, үйдің ауласында тұрған автокөліктер өртті ауыздықтауға қиындық туғызған.

Аягөз ФАЗЫЛОВА, АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ТЖД ӨРТКЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Өрт орнынан 5 адам құтқарылып шығарды. Оның екеуі бала, және 10 адам қауіпсіз жерге көшірілді. 5 адам ауруханаға жеткізілді, түтінмен уланды деген диагнозбен қазір кезде бір бала жіберілді. Екі адам отказались от госпитализации. Және өрт орнынан біздің екі өрт сөндіруші зардап шекті. Олар денесінен күйік алды. Қазір біреуі реанимацияда жатыр, біреуі ауруханада.

Ә. Дүкембаева