Русский Сайттың толық нұсқасы

Экология министрлігі «АрселорМитталТеміртау» компаниясынан өндірісті газға көшіруді талап етті

  • AstanaTV
  • 16 қараша 2022
  • 1102

 «АрселорМитталТеміртау» компаниясы жыл сайын қоршаған ортаға 250 мың тонна қалдық шығарады. Сөйте тұра табиғатты қорғауға бағытталған жоспарды орындамай отыр. Бұл үшін кәсіпорынға салынған айыппұл көлемі шамамен 6 млрд теңгеге жеткен. Экология министрі Теміртау қаласы тұрғындарымен кездесуде осылай деді. Мәселе енді қалай шешілмек? Айжан Қуаш айтады.

 «АрселорМитталТеміртау» компаниясының металлургия зауыты мен жылу қазандықтары Теміртауды әбден ластаған. Кәсіпорын жыл сайын айналаға орта есеппен 250 мың тонна зиянды қалдық шығарады. Ол- қара түтін ғана емес, улы газ, ауыр металл шаңы.

Серік БЕКТҰРҒАНОВ, ТЕМІРТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Ақ қар түседі,бір екі- үш күннен кейін ол қараяды. Ең ауаны ластайтын, экологияны ластайтын ол- Арселор Миттал Теміртау. Экологияны жөндеу үшін, чтобы қар қараймау үшін Арселор Миттал газға көшу керек.Олар фильтрлар қою керек чтобы шаң болмасын, ауаны да, жерді, суды ластамайтындай.

Халық "Арселор Миттал Теміртаудың" табиғатты қорғауға құлықсыз екенін айтады. Қоғам белсенділерінің сөзінше, компания қағаз жүзінде есеп бергені болмаса фильтр орнатпаған. Қауіпті қалдықтарды жинайтын жәшіктері де жоқ. Салдарынан улы газ бен түтін ауаны ластап, жұрт жаппай ауруға шалдығып жатыр.

Елена ВАРГАНОВА, ЭКОЛОГ, «ОТРАЖЕНИЕ» ҚБ ЖЕТЕКШІСІ:

Тыныс алу жолдары мен жүрек қантамыр аурулары көбейіп кеткен. Бұл ауаға тарайтын улы газдардың қалыпты деңгейден артуына байланысты. Қазір осы қалдықтарды азайтуға ықпал жасауымыз керек.

Алайда компания қоғам белсенділерінің ауаның ластану деңгейіне мониторинг жасау шараларына жолатпайды. Тіпті инспекторлардың өзін кәсіпорынға бірнеше рет кіргізбей қойғанын экология министрлігі растады. «Арселор Миттал Теміртау» басшылығына газға көшу талабы қойылған. Алайда, компания өкілдері алғашында келіскенімен, құбыр тартылған соң газдың бір мың куб метрін 170 -200 долларға емес арзанға, 60-70 долларға сұрап отырып алған.

Серікқали БРЕКЕШЕВ, ҚР ЭКОЛОГИЯ, ГЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР МИНИСТРІ:

Қосымша тағы 20 ескерту бердік. Басты мақсатымыз- Арселор Митталдың қалдықтарын азайту. Биыл 250 мың тонна болса келесі жылы оны 210 мыңтоннаға дейін түсіреміз. Соңғы тексеру бойынша сотқа материалдар жібердік, айыппұл көлемі 5,8 млрд теңге құрап отыр.

Бейресми дерекке сүйенсек, компания ауаға шығарған лас қалдықтарын 30 процентке дейін азайтуы тиіс болатын. Алайда оны небәрі 5 пайызға ғана төмендеткен. Экологтар бұл жолы жыл сайын 210 мың тоннадан артық улы зат шығарса экологиялық рұқсат бермейміз,- дейді.

А. Қуаш