Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республикалық қоғамдық штабының мүшелері Түркістан облысы мен Шымкент қаласына барды.
Штаб мүшелері алдымен Түркістан облысы мен Шымкент қаласының тұрғындарымен, ақсақалдармен және қоғамдық пікір көшбасшыларымен кездесті. Оған 350-ге жуық адам қатысты.
Елнұр БЕЙСЕНБАЕВ, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ШТАБТЫҢ МҮШЕСІ:
Түркістан облысының, оның ішінде оңтүстік өңірінің азаматтарын әрдайым сайлауда өздерін жоғары белсенділігін көрсетіп жатады. Сол себептен ауыл тұрғындарын, облыс тұрғындарын алдағы президенттік сайлауда белсенділігін танытып, келіп өз дауыстарын беруге шақырамыз.
Бұдан соң, кандидат жақтастары өңірдегі жылыжай жұмысшыларымен кездесті. Сайлауалды бағдарламадағы ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыру шараларын түсіндірді. Сондай-ақ, салынып жатқан Мұз сарайына барып, құрылысшылармен де әңгімелесті. 100-ден астам адам қатысқан кездесу барысында штаб мүшелері кандидаттың еңбек адамын қолдау жөніндегі басымдықтарына назар аударды.
Б. Сатуов