Русский Сайттың толық нұсқасы

С. Тұрсынбекова Өскеменге барды

  • AstanaTV
  • 16 қараша 2022
  • 930

«Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігінің атынан сайлауға түсіп жатқан Салтанат Тұрсынбекова үгіт-насихат науқанын еліміздің шығысында жалғастырды. Сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп, халықтың қордаланған мәселелерін талқылады.

Салтанат Тұрсынбекова Өскеменде экологтармен кездесті. Өңірде өнеркәсіптік өндіріс ошақтары көп болғандықтан атмосфераға бөлінетін зиянды қалдық азаймай тұр, – дейді кандидат.

Салтанат ТҰРСЫНБЕКОВА, ПРЕЗИДЕНТТІККЕ КАНДИДАТ:

Қазақстандағы ауасы ең лас 9 қаланың үшеуі еліміздің шығысында орналасқан. Олар: Өскемен, Риддер және Зырян қаласы. Оған басты себеп жүздеген кәсіпорындардың қалдықтары. Соның салдарынан бұл аймақ ауасы ең лас 5 өңірдің қатарына кіреді.

Бұдан кейін кандидат арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына барды. Мекеме 2001 жылы ашылған. Орталықта мүмкіндігі шектеулі жандар мен қариялар тұрады. Кандидат қарттармен тілдесіп, алдағы саяси науқанның маңыздылығын түсіндірді.

А. Базарбай