Русский Сайттың толық нұсқасы

Енді жұрт көмірді кредитке ала алады, - ИИДМ

  • AstanaTV
  • 16 қараша 2022
  • 1212

Енді тұрғындар көмірді кредитке алуларына болады. Оны рәсімдейтін арнайы қосымша іске қосылды. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылым министрлігі мәлімдеді. Қосымшада алдын ала тапсырыс беру қарастырылған. Мамандар жаңашылыдық теміржол тұйықтарындағы ұзын-сонар кезекті азайтатынына сенімді. Әзірге мұндай артықшылықтар республиканың 8 өңірінде ғана іске қосылған.

Тұрар ЖАЛМАҒАНБЕТОВ, ҚР ИИДМ ИНДУСТРИЯЛЫҚ ДАМУ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Мынадай аязда тупикке келмей, кезекте тұрмай телефонға керекті көмірді ашып, ақшасын төлеп немесе бөліп төлеуді есептеп, уақытын белгілеп кетесіз. Мысалы жексенбі күні сағат екіде келіп, 5 тонна көмірді алып кетем деп жазып, ақшасын төлеп, жарты сағат бұрын келіп көмірді тексеріп машинаға тиеп алып кетсеңіздер болады.Олда қосымшада қарастырылған.

Қазіргі таңда еліміз бойынша көмір сатылатын 300-ге жуық теміржол тұйығы бар. Оның ішінде қатты отын саудаланатын 14 нүктесі қарастырылған 11 қойма бас шаһарда орналасқан. Биыл баға былтырғымен салыстырғанда өспеген, тапшылықта сезілмейді. Тек бас қалаға жақын орналасқан ауылдарға қиын соғып тұр. Өйткені, жеткізу құны қосылады.

Алтынбек ЕСЖАНОВ, САТУШЫ:

Көмір келіп жатыр,көріп жатқаныңыздай. Бағасы 13 мың 850. Көріп жатқаныңыздай талас жоқ, былтырғыдай. Кезекпен келіп адамдар алып жатыр. Бәрі жақсы.

Б. Сатуов