Русский Сайттың толық нұсқасы

Маңғыстаулық әже кір тасын көтеріп көпшілікті таң қалдырды

  • AstanaTV
  • 16 қараша 2022
  • 2111

Маңғыстау облысында кейуана кір тасып бір қолымен еркін көтеріп, көпшілікті таң қалдырды.

Бұл видео әлеуметтік желіде тарады. Шамамен 24 келі тартатын кір тасын жасы алпыстан асқан әже оң қолымен жоғарыға 10 рет оп-оңай көтерді. Куәгерлерінің айтуынша, бұл кір тасты ер жігіттер бес реттен артық көтере алмаған көрінеді. Желі қолданушыларының дерегінше, бұл сайыс елдімекендердің біріндегі шілдехана тойында түсірілген. Жігіттерді басып озған әже сыйлыққа қой алған.

А. Төребекқызы