Русский Сайттың толық нұсқасы

20 қарашада жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырмақ болғандар ұсталды

  • AstanaTV
  • 17 қараша 2022
  • 1634

20 қарашада жаппай тәртіпсіздіктерді жоспарлап, ұйымдастырмақ болған қылмыстық топ ұсталды.

Топтың әр мүшесінің рөлі нақты бөлінген, қылмыстық жоспарлар жасырын шараларын сақтай отырып, тұрақты кездесулер барысында талқыланып отырған. Олар ірі қалаларды басып алуды көздеген. Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратураның көмегімен қылмыстық топтың жолын кесті. Арнайы операция нәтижесінде 7 адам ұсталды. Ұсталғандардың тұрғылықты жері бойынша заттай дәлелдемелер тәркіленді. Қазіргі таңда бұған қатысты қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер тергеу изоляторына қамалды.

Ә. Дүкембаева