Ақмола облысында мектеп жанындағы жылыту қазандығы жарылды. Салдарынан үш адам зардап шекті. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, оқиға Аршалы ауылында болған. Қазандық қатты отынмен жұмыс істеген. Жарылыс кезінде өрт болған жоқ, бірақ ғимарат қираған. Қазандықта жұмыс істейтін үш адам ауруханаға жеткізілді. Біреуі жан сақтау бөлімінде жатыр. Құтқарушылар оны үйінді астынан шығарып алған. Жарылыстан мектеп терезелері сынды. Оқушылар зардап шеккен жоқ. Олар қашықтан оқуға жіберілді. Бұған қатысты жедел штаб құрылды.
Қайрат ҚАСЫМ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Төтенше жағдай орнына құтқарушылар және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері дереу жетті. Қазандықтың жарылуы және құлауы нәтижесінде мектептің үш жұмысшысы ауруханаға жеткізілді, оның біреуі құтқарушылар күшімен құтқарылған болатын.
А. Базарбай