Петропавлда техникалық қызмет көрсету орталығында болған жарылысқа қатысты қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Алдын-ала болжам бойынша, көліктердің біріне орнатылған газ құрылғысы жарылған. 10 авто көлік зақымданды. Апат кезінде ғимарат ішінде болған жұмысшылары мен көлігін жөндетуге келген бірнеше адамды күйік шалды. Қазір 5 адам ауруханада жатыр, олардың жағдайын дәрігерлер орташа деп бағалап отыр.
Валерий ГРИБАШЕВ, ҚАЛАЛЫҚ КӨПСАЛАЛЫ АУРУХАНАНЫҢ ДӘРІГЕРІ:
9 адамның төртеуінің жарақаты жеңіл. Біз оларға алғашқы көмек көрсетіп, үйлеріне жібердік. Ал қалғандарының бет-аузы зақымданған. Оларға операция жасалып, теріні жамау әдісі қолданылды. Қазір жағдайлары қалыпты.
А. Құрманкин