Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырау облысында 7 пәтерлік үйден өрт шықты

  • AstanaTV
  • 18 қараша 2022
  • 1335

Атырау облысының Доссор кентінде 7 пәтерлік барак типті үйден өрт шығып, үш үй түгі қалмай жанып кетті. Ал қалғандарының шатыры өртенген. Қарашаның қарасуығында бірнеше отбасы баспанасыз қалды. Тілсіз жау таң атысымен тұрғындарды аяқтан тік тұрғызды. Шатырдан шығып жатқан көк түтінді көргендер дереу хабар берген. Полицейлер 8 адамды эвакуациялады, оның 5-уі жасөспірім. Өрт сөндірушілер қызыл жалынмен 5 сағат бойы алысып, әрең өшірді.

Дәурен БЕРДЕНОВ, АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ТЖД БАСҚАРМА БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Өрттің шығу себебін нақты анықтау масқатында департамент тарапынан өрт-сынақ зертханасының және анықтау бөлімінің қызметкерлері Доссор кентіне жолданды. Қазір олар Доссорға жетіп, анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Барак типтегі бұл үйлерге 111 жыл болған. Өңірге мұнай іздеп келген ағылшындар салған көрінеді. Мақат ауданында 100ден астам апатты үй бар. Қазір жергілікті әкімдік зардап шеккен отбасыларды уақытша баспанаға орналастыруда.

Б. Надірқызы