Екібастұзда орманшылар мұз үстінде қалып қойған жалғыз аққуды құтқарды. Сайлау қарсаңында табылғандықтан киелі құсқа орманшылар «Сайлаубек» деп ат қойыпты. Облыстық жануарлар дүниесі және орман шаруашылығы мекемесінің мәліметінше, бұл аққуды осыдан 5 күн бұрын іздеу жұмыстары басталған. Алайда, ауа райының қолайсыздығына байланысты орманшылар таба алмапты. Тек бүгін оның қатып қалған көлдің үстінде жүргенін пойыздың жолсеріктері байқап хабар берген.
Ө. Қуанар