Русский Сайттың толық нұсқасы

Өскеменде табиғи апаттан соң қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр

  • AstanaTV
  • 01 тамыз 2016
  • 2864

Өскеменде табиғи апаттан соң қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатырҮзілген электр желілері жалғанып, су жүйелері жөнделді. Орталық көшелерде үйілген ағаш бұталары алынғанымен, аулалар мен қатарлас көшелерде тазалау жұмыстары әлі де жүріп жатыр. Әкімдік жанынан құрылған комиссия табиғи апат келтірген шығынды анықтауға кіріскен

Сенбі күні кешкісін қалада алапат дауыл тұрды. Секундына 20 метр жылдамдықпен ұйытқыған желден түк көрінбей қалды. Көлік қозғалысы тоқтап, нөсерлі дауылдың соңы бұршаққа ұласты. Табиғи апаттың күштілігі сонша, діңі жуан ағаштарды жұлып түсірді, бірнеше үйдің шатыры ұшқан. Тіпті кейбір дүргіршектер ауаға көтеріліп, үйлердің әйнегіне дейін сынған. Салдарынан екі адам жарақат алды. Дегенмен олар ауруханаға жатудан бас тартқан. Құлаған ағаштардан 36 көлік  зардап шекті. Қала басшысы осыған орай шұғыл штаб өткізді. Апат салдарымен күресуге  барлық күш-құрылымдары жұмылдырылды.

Ержан Қоңырбаев, Өскемен қаласы әкімінің орынбасары:

Негізгі жұмыстарға 60-қа тарта техника тартылды. Барлық мекемелер, тіршілік тоқтамауы үшін таңға дейін біз барлығын қалпына келтірдік. Қазір өзге де жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр. Бүгін барлық жұмысты аяқтайтынымызға сенімдімін.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ