Еліміздегі саяси науқан – әлем назарында. Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенконың айтуынша, сайлауда 10 халықаралық ұйым мен 35 мемлекеттен 640-тан астам бақылаушы жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ, 260-тан астам шетелдік журналист ақпарат таратуда.
Роман ВАСИЛЕНКО, ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Менің ойымша, біздің байқаушыларымыздың, шетелдік БАҚ-тың қатысуымен сайлау өте лайықты өтеді және біз өте жақсы баға аламыз.
Сайлау шарасы конституциядағы белгіленген ережелерге сәйкес өткізілуде. Әзірге ешқандай құқық бұзушылық тіркелген жоқ деді, - Бас прокуратура.
Азамат САРҒАЗИН, ҚР БАС ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ МҮДДЕЛЕРДІ ҚОРҒАУ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ-БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:
Дауыс беру басталған сәттен бастап прокуратура органдарына сайлау мәселелеріне байланысты өтініштер түскен жоқ. Жалпы бүкіл сайлау науқаны құқықтық аясында өтуде.
Тәртіпсіздіктердің алдын алу үшін және қоғамдық тәртіпті қадағалау үшін 20 мыңнан астам полиция қызметкері жұмылдырылған. Қоғамдық орындар, сайлау учаскелері бейнебақылау камералары және дрондармен бақылануда.
Жандос МҰРАТАЛИЕВ, ҚР ІІМ ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Патрульдер маршуттары адамдар көп жиналатын орындар мен сайлау учаскелеріне жақын орналастырылды. Қоғамдық орындар мен көшелерді патрулдеуге ішкі істер органдарының 14 мыңға жуық қызметкерлері шықты.
Б. Сатуов