Русский Сайттың толық нұсқасы

Бүгін шаңырақ көтерген жас жұбайлар дауыс берді

  • AstanaTV
  • 20 қараша 2022
  • 2277

Елордалық сайлаушылар да таң атқалы белсенділік танытып жатыр. Сайлау учаскелеріне жұрт үздіксіз келіп жатыр. Әсіресе, жастардың белсенділігі ерекше. Дәл қазір әріптесім Аружан Задабек 127-сайлау учаскесінен тікелей байланысқа қосылмақ. 

Аружан ЗАДАБЕК, ТІЛШІ:

Әмина, Қайырлы күн! Біз қазір Астанадағы 127-ші сайлау учаскесіндеміз. Мұнда өз таңдауын жасау үшін келіп жатқандар өте көп. Барлығының көңіл-күйі тамаша! Бұл учаскеде --- азамат тіркелген. Сайлау барысын байқаушылар бақылап отыр. Мұнда ел тарихы үшін маңызды күні шаңырақ көтеріп, өздері үшін айтулы күнде қол ұстасып дауыс беруге келген жас-жұбайлар да бар.

Алишер АЙТБАЕВ, Дәмелі ЕЛЕУҚҰЛОВА:

- Керемет көңіл-күйдеміз. Тамаша барлығы. Еліміз үшін де, біз үшін де маңызды күн. Сондықтан өте керемет көңіл-күйдеміз.

- Бұл әр азаматтың міндеті деп ойлаймын.

- Оны әрбір қазақтың азаматы осы сайлауға келуге міндетті, оның парызы. Себебі біздің мемлекетіміздің болашағы.

Аружан ЗАДАБЕК, ТІЛШІ:

Бүгін – еліміз үшін маңызды күн. Мұны әрбір сайлаушы жақсы түсінеді. Сондықтан мереке күні ретінде сезініп, бала-шағасымен келгендер көп.

Астанада жалпы саны 406 сайлау учаскесі бар. Оның ішінде тіркеуде жоқ азаматтарға арналған 23 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Онда әртүрлі себептермен тіркелмеген адамдар өз құқығын пайдаланып, дауыс бере алады. 

А. Задабек