Қонаев қаласындағы сайлау учаскелерінде 105 байқаушы жұмыс істеп жатыр. Қоғамдық саясат институтының өкілдері де халықпен тығыз байланысып, пікір алмасуда.
Жанна ӘБДІРАХМАНОВА, ҚОҒАМДЫҚ САЯСАТ ИНСТИТУТЫНЫҢ ИНТЕРВЬЮЕРІ:
Мен жұмыс істейтін учаскеде ауа-райына қарамастан тұрғындар таңертеңнен бастап дауыс беруде. Сайлауға келгендердің дені - жастар. Барлығының көңіл-күйі тамаша. Бұл - өте маңызды.
Ал Солтүстік Қазақстан облысында 385 672 адам сайлаушылар тізіміне алынған. Өңірде 655 сайлау учаскесі бар. Онда да қоғамдық саяси институтының қызметкерлері жүр.
Дитрих БОКК, ҚОҒАМДЫҚ САЯСАТ ИНСТИТУТЫНЫҢ ИНТЕРВЬЮЕРІ:
Менің Қоғамдық саясат институтының интервьюері ретіндегі міндетім – дауыс берушілерді тіркеу. Осыдан кейін мен тіркеген барлық деректерді қосымшаға енгіземін және біздің әлеуметтанушылар осы деректермен жұмыс істейді. Сауалнама толығымен жасырын түрде өтеді. Біз адамнан аты-жөнін, тегін немесе нөмірін сұрамаймыз.
А. Задабек