Русский Сайттың толық нұсқасы

Дауыс берушілердің 51,16 проценті таңдау жасады

  • AstanaTV
  • 20 қараша 2022
  • 1233

Орталық сайлау комиссиясының 14-00 -дегі ақпараты бойынша, тізімге енгізілген азаматтардың жалпы санының 51,16 проценті бюллетень алған. Жалпы дауыс берушілер тізіміне 11 млн 950 мың 485 адам енгізілген. Сайлауға қатысу белсенділігі Түркістан облысында жоғары. Мұнда азаматтардың 76,61 проценті дауыс берген. Одан кейін 69,32 процентпен жаңадан құрылған Абай облысы тұр. Үздік үштікті Ұлытау облысы қорытындылайды. Ең төмен көрсеткіш Алматы қаласында. Мұнда дауыс берушілердің 24,17 процентті сайлауға барған.

Б. Сатуов