Русский Сайттың толық нұсқасы

Арнайы «Астана» телеарнасының тапсырысы бойынша Қоғамдық саясат институтының интервьюерлері Ұлытау облысында да жұмыс істеп жатыр

  • AstanaTV
  • 20 қараша 2022
  • 1146

«Астана» телеарнасының арнайы тапсырысы бойынша Қоғамдық саясат институтының интервьюерлері Ұлытау облысында да жұмыс істеп жатыр. Сайлаушылар арасында сауалнама жүргізген олар халықтың саяси мәдениетінің жоғары екенін, ел үшін маңызды шараға белсене қатысып жатқанын айтып жатыр. Аға буын өкілдері ғана емес әсіресе жастар арасында белсенділік басым дейді.

Бағдат Ералы 18 жаста. Қазір студент, болашақ ұстаз кезектен тыс президент сайлауын жаңа реформаның бастауы деп санайды.

Бағдат ЕРАЛЫ, ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Бұл сайлау біздің еліміздің тарихындағы ең ауқымды жаңалықтардың бірі. Ауқымды өзгерістің алдында тұрмыз және де өзгерістер болып жатыр. Осы уақытта белсенділер, яғни жастар белсенділік танытатын уақыт.

Арнайы «Астана» телеарнасының тапсырысы бойынша Қоғамдық саясат институтының интервьюерлері де жастардың белсенділігін атап өтті.

Алтынбек АЙТМАҒАМБЕТОВ, ҚОҒАМДЫҚ САЯСАТ ИНСТИТУТЫНЫҢ ИНТЕРВЬЮЕРІ:

7-ден бастап сайлаушылардан сұқбат алу үстіндемін. Сайлаушылардың көңіл-күйі жақсы, барлығы жұмыстарына бара жатқан кезде үлгеріп сайлауға қатысып дауыстарын беріп жатыр. Сұқбатымызды сарапшыларға жіберіп отырмыз қанша адам қатысқанын, мағлұмат аламыз.

Айжан ҚУАШ, ТІЛШІ:

Ұлытау облысында 140 мың дауыс беруші ретінде тіркелген. Оның 5 жүзінің мүмкіндігі шектеулі. Мұндай азаматтар өз үйлерінен шықпай-ақ сайлауға қатыса алады. Сайлау комиссиясының мүшелері арнайы урналарды олардың үйлеріне апарады.

Бота АМАН, ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫ № 233 САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Екі комиссия мүшесі және бақылаушылар үйлеріне барып жылжымалы урна арқылы дауыс беріледі. Сонымен қатар бізде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға бұрыш дайындалған, онда барлық барлық жағдай жасалған қажетті құралдармен компьютермен.

Ұлытау облысында шалғай ауылдар мен аудандар көп. Сондықтан елдімекендерінде тегін қоғамдық көлік ұйымдастырылды.

А. Қуаш