Елде дауыс беру аяқталды. Орталық сайлау комиссиясының мүшелері енді бюллетеньдерді санауға кіріседі. Бұған дейінгі ақпаратта Түркістан, Жамбыл және жаңадан құрылған облыстардың сайлауға қатысу белсенділігі жоғары болған. Соңғы ақпараттар нәтижесі қалай? Оны әріптесім Бекболат Сатуовтан білейік. Ол орталық сайлау комиссиясынан тікелей байланысқа шығуға дайын.
Бекболат САТУОВ, ТІЛШІ:
Еліміздің барлық аймағында сайлау науқаны аяқталды. Орталық сайлау комиссиясының соңғы қорытынды ақпараты бойынша белсенді аймақтардың көшін Жетісу облысы бастап тұр. Өңірдің 81 пайызы өз таңдауын жасаған. Үздік үштікті Жаңадан құрылған Абай облысы мен Түркістан облыстары түйіндеді. Онда да халықтың 80 пайызы дауыс берген. Ал ірі мегаполистерге тоқталсақ, Шымкент қаласы топ бастайды. Ондағы халықтың 59 пайызы сайлауға белсенді қатысқан. Астана қаласы 48 пайыз болса, Алматы қаласы тұрғындарының 28 пайызы ғана өз таңдауын жасаған. Еліміз бойынша сайлауға қатысуға құқылы 12 млн-ға жуық адамның 8млн-нан астамы дауыс берді. Айта кетейік, шетелдегі сайлау учаскелері әлі де өз жұмыстарын жалғастыруда.
Б. Сатуов