Русский Сайттың толық нұсқасы

Шетелдегі 7400 отандасымыз дауыс берді

  • AstanaTV
  • 20 қараша 2022
  • 990

Шетелдегі сайлау учаскелерінде дауыс беру әлі жүріп жатыр. Елшіліктер мен консулдықтар ғимаратына отандастарымыз тоқтаусыз келуде. Қазірдің өзінде жеті мыңнан астам қазақстандық дауыс берді. Бұл тізімдегілердің шамамен 60 проценті. 53 мемлекетте таңертеңнен бастап бюллетеньдерді толтырды. Сеулдегі №258 сайлау учаскесі жергілікті уақытпен сағат 7:00-де ашылды.

Юрий ЦОЙ, СЕУЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Мен сайлау учаскесіне өз Президентімді таңдау үшін келдім. Әрдайым жаңалықтардан оқып, бақылап Қазақстанда не болып жатқанын танысып отырамын. Жаңа келесі Президент 7 жылға сайланатынын естідім.

Спортшылар шетелде ел намысын қорғап қана қоймай, азаматтық борышты орындауды да ұмытпаған. Еуропа әйелдер хоккей лигасына қатысқан қазақстандық хоккейшілер Будапешттегі №243 сайлау учаскесінде өз дауыстарын берді. Бұл олардың алғаш рет сайлауға қатысуы болатын.

Мунира САЯХАТҚЫЗЫ, ХОККЕЙШІ:

Бұл менің алғашқы сайлауға қатысып, таңдау жасаған сәтім. Үйден алыстамын. Басқа елде жүрмін. Бірақ ел болашағы үшін дауыс бердік. Нәтижесі бәрімізді қуантады деп ойлаймын.

Р. Бақытжанқызы