Русский Сайттың толық нұсқасы

Қашаған кен орнына дауыс беру жәшігі кемемен жеткізілді

  • AstanaTV
  • 20 қараша 2022
  • 1196

Қашаған кен орнында қызмет етіп жатқан мұнайшыларға дауыс беру жәшігі ауа-райының қолайсыздығына байланысты тікұшақпен емес, кемемен жеткізілді. Теңізде және құрлықтағы нысандар «Самал» вахталық кенті мен «D» аралында орналасқан. Мұнда жалпы 2793 сайлаушы бар. Оларға сайлау комиссиясы мүшелері 4 тасымал жәшігін апарды. Осылайша жұмысшылардың келісілген кесте бойынша, өндірістен қол үзбей дауыс беруіне мүмкіндік жасалды. Жер қойнауынан қара алтынды өндіріп жатқан мұнайшылардың саяси науқандағы белсенділігі жоғары. Жылыой ауданындағы Теңіз кен орнында бүгін 14 мыңға жуық азамат вахталық қызметте. Олардың арасында облыс тұрғындарынан бөлек еліміздің өзге өңірлерінен келіп жұмыс істеп жүрген азаматтар бар. Кенішке 15 жылжымалы дауыс беру жәшігін апарды. Жалпы бүгін Атырау облысы аумағындағы түрлі кәсіпорындарында 37 мыңға жуық адам вахталық жұмыста.

Әлібек КҮЗЕЕВ, «ТЕҢІЗШЕВРОИЛ» ЖШС ДӘРІГЕРІ:

Мен «Теңіз» кенішінде 4 жылдан бері дәрігер болып еңбек етемін. Негізі Алматы қаласының тұрғынымын. Қазір өзімнің азаматтық құқығымды пайдалана отырып, ел президентін сайлауға дауыс беруге келдім. «Теңіз» кеніші орталықтан қашық болғанына қарамастан өте жақсы ұйымдастырып қойған.

Б. Нәдірқызы