«Барлық кандидатқа тең мүмкіндік берілді». Бұл – саясаттанушы Бауыржан Серікпаевтың пікірі. Кезектен тыс Президент сайлауының алдын ала хабарлануы барлық саяси партиялардың, қоғамдық қозғалыстардың, саясаткерлердің дайындалып үлгеруіне қолайлы болды, - дейді. Сайлаушы ретінде Елордадағы сайлау учаскелерінің бірінде дауыс беріп, азаматтық парызын орындағанын айтады.
Бауыржан СЕРІКБАЕВ, САЯСАТТАНУШЫ:
Кандидаттар әрқайсысы өзіне берілген мүмкіндіктерін молынан пайдаланды деп ойлаймын. Әркім өзінің қарым-қабілетіне, қай жағынан мықты екеніне, бұрынғы ел ішінде атқарған жұмысына байланысты. Сайлау учаскелеріне келген азаматтардың қарасына, көп халықтың келгеніне қарап отырып, сайлау өте жоғары көңіл-күйде өтіп жатыр.
А. Серік