Ақтөбеде сайлау учаскелерінде ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Бүгін ауа-райы да жайлы болды. Ол жерде азық-түлік әдеттегіден 10,15 пайызға төмен бағамен сатылып жатыр.Сайлауға келген халық дауыс беріп қана қоймай, сауда жасап та үлгеріп жатыр.
БЛИЦ:
- Арзан 1950 –ден беріп жатырмыз. Өзінің оптовый хақы. Осымен сатылып жатыр бүгін. 150 кг әкелдім. 100 келісі сатылып кетті.
- Бүгінгі мерекеміз сайлау құтты болсын! Егеменділік, Ауызбіршілік болсын. Халқымыз аман болсын!
- Халқымыз өркендей берсін! Өсе берсін! Жастарымыз жақсы жақсылыққа ұмтыла берсін! Тыныш заман болсын!
Б. Рахметова