Русский Сайттың толық нұсқасы

Қасым-Жомарттың әжесі елге бата берді

  • AstanaTV
  • 21 қараша 2022
  • 2219

Қасым-Жомарттың әжесі елге бата берді. Тоқсаннан асқан кейуана Павлодар облысына қарасты Аққулы ауданында тұрады. 2019 жылы дүние есігін ашқан шөбересіне Мемлекет басшысының есімін қойған. 15 құрсақ көтеріп, одан 53 немере, 83 шөбере көріп отырған бақытты әже қолы қалт етсе, ине-жібін ұстап, құрақ көрпе тігеді. Жасы тоқсанның екісіне келсе де, елдегі жаңалыққа құлағы түрік. Газет оқып, шөберелеріне ертегі айтып береді. Бүгінгі күніне шүкірлік ететін қария күн сайын елінің амандығын тілейді.

Танай НАЙМАНБАЙҚЫЗЫ, ҚАСЫМ-ЖОМАРТТЫҢ ӘЖЕСІ:

Әуелі Құдай қолдасын! Оң жағынан қолдасын! Алқамның қуатын берсін! Бастың амандығын берсін! Елімізге тыныштық берсін жасаған Алла! Қазақ елінің көк туы желбірей берсін! Аллаху Әкбәр!

Ө. Қуанар