Енді прокурор тұрғындардан түскен шағымдарды өзі қарайды. Қойылатын басты талап арыз түскен бойда істі дереу қарап, мәселені шешу. Бұрынғы тәжірибеге сәйкес көптеген шағымдар уәкілетті мемлекеттік органдардың қарауына жіберілетін. Ал енді мемлекеттік орган шағымдарды қарамаса, не уәкілетті орган болмаса прокуратура істі өзі қарап, тиісті шаралар қолдануға міндетті болады.
Артур ЛАСТАЕВ, ҚР БАС ПРОКУРАТУРАСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСТЫҒЫ:
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын ұстана отырып, прокурорлардың өтініштерді қарау негіздері толықтырылды. Елімізде конституциялық сот құрылғанын және келер жылдан бастап азаматтар онда Нормативтік құқықтық актілердің Конституцияға сәйкестігі тұрғысынан тікелей жүгіне алатынын атап өтемін.
А. Базарбай