Русский Сайттың толық нұсқасы

Екі ауданда локдаун жарияланды

  • AstanaTV
  • 22 қараша 2022
  • 1426

Қытай астанасы Бейжіңнің екі ауданында локдаун жарияланды. Соңғы үш күнде қалада коронавирустан 5 адам қайтыс болған. Мектептер, мейрамханалар мен дүкендер жабылды. Қала тұрғындары жаппай ПТР-тестін тапсыруға міндеттелді. Егер коронавирус анықталса, мәжбүрлі түрде карантинге жабылады. Жалпы Қытайда ковидке шалдыққандар саны 25 мыңға жуықтаған. Елдің басқа да бөліктерінде миллиондаған адам локдаун жағдайында өмір сүріп жатыр.

Ә. Дүкембаева