Русский Сайттың толық нұсқасы

«Бұл сайлау ұлтты ұйыстырған, елді біріктірген сайлау болды», - Мәжіліс спикері

  • AstanaTV
  • 23 қараша 2022
  • 772

«Бұл сайлау ұлтты ұйыстырған, елді біріктірген сайлау болды». Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов бүгін журналистерге берген сұхбатында осылай деді. Ол сайлаудың әділ өткенін айтып, саяси науқан халық үшін маңызды қадам болғанын жеткізді. Бұл өз кезегінде елдің бірлігін арттырған шара болды деді.

Ерлан ҚОШАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Бұл сайлау ұлтты ұйыстырған, елді біріктірген сайлау болды. Екіншіден, біздің мемлекетте үлкен сынақтар болды осы жылы. Сыртта да сын-қатерлер бар. Сынақтар болып жатыр. Осының барлығына біздің қоғамның, мемлекетіміздің мықты болып тегеурінді болып шыққанын көрсетіп отыр. Ел ыдырап кетпей, ел бірікті, бір көшбасшыны таңдады.

Б. Сатуов