Русский Сайттың толық нұсқасы

ЕҚЫҰ/ДИАҚБ байқаушылары саяси науқанға оң баға берді

  • AstanaTV
  • 23 қараша 2022
  • 875

Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросы кезектен тыс өткен президент сайлауына оң баға берді. Орталық сайлау комиссиясы тікелей эфирде отырыстарды тұрақты өткізді. Байқаушылар да, БАҚ пен партиялардың сенімді өкілдері де қатысты, - дейді сарапшылар. Ал бұл барлық талаптарға сәйкес келеді.

ЕҚЫҰ/ДИАҚБ САЙЛАУДЫ БАҚЫЛАУ МИССИЯСЫ:

Шешімдер қабылданған күні желіде онлайн жарияланды. Комиссия мүшелері тәжірибелі. Қажетті жабдықтармен қамтылған. Жұмысы да сапалы.

Байқаушылар ақпараттық бағдарламаның екі тілде жүргізілуін де атап өтті. Орталық Сайлау Комиссияның сайтындағы барлық материалдар қазақ және орыс тілінде жарияланған. Бейнежазбалар баспасөзде және мессенджерлерде таратылды. Бұл да өткен сайлаудың оңды тұстарының бірі саналды.

ЕҚЫҰ/ДИАҚБ САЙЛАУДЫ БАҚЫЛАУ МИССИЯСЫ:

Көптеген учаскелік сайлау комиссиялары ДИАҚБ сайлауды бақылау миссиясының ұзақ мерзімді байқаушыларына олардың үй-үйді аралап, сайлаушыларға дауыс беру күні мен сайлау учаскесінің нөмірін хабарлайтын шақырулар бергені жайлы хабарлады.

А. Серік