Русский Сайттың толық нұсқасы

Кәсіподақтар Президенттік сайлау қорытындысын қолдайды

  • AstanaTV
  • 23 қараша 2022
  • 1799

Біз үшін Президент пен Үкіметтің кәсіподақтардың үнін естуі аса маңызды. Осылайша Нұрлан Өтешев өз ұстанымын білдірді. Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары 10 қазанда Президент сайлауына Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын қолдау туралы шешім қабылданғанын жеткізді. Олардың ұйымдастыруымен кең аудиторияны қамтитын түрлі форматтағы 335 іс-шара өткізілген. Жалпы федерация жалақыны, зейнеткерлік жасты, сондай-ақ елдегі жалдамалы қызметкерлерді әлеуметтік қорғау мәселелерін жиі көтереді. «Билік пен кәсіподақтар арасындағы диалог нәтижелі дамуда» дейді спикер.

Нұрлан ӨТЕШОВ, ҚР КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Біздің ұсынып жатқан бірқатар талабымыз – ол мына халықаралық еңбек ұйымының конвенцияларын қабылдау. Сол жағынан ұсыныстарды билік естіп жатады. Әділеттілікті, әділдікті іздеп талап етеміз әрқашан. Ол жұмыс берушімен және билікпен қарым қатынас болса да, әділеттілік арқасында үлкен дамуға жете аламыз деген көзқарастамыз.

М. Қалиасқар