Русский Сайттың толық нұсқасы

Алты жасар Ерген Дүйсенбек 180 елдің туын жатқа біледі

  • AstanaTV
  • 23 қараша 2022
  • 2565

Алты жасар Ерген Дүйсенбек 180 елдің туын жатқа біледі. Есте сақтау қабілеті ерекше балдырған Астана қаласында тұрады. Анасының айтуынша, әр мемлекеттің туын танып, атын атау – оның сүйікті ісі. Ес білгеннен қызығып, суреттерін жинай бастаған. Қазір Ергенде 200-ге жуық тудың суреті бар. Үйдің ішіне еліміздің көк байрағын іліп қойыпты. Бұл оның патриоттық сезімін еселей түседі, - дейді анасы. Ерген мемлекеттер туларын ешкімнің көмегінсіз, өзі жаттаған.

Р. Бақытжанқызы