Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанда жүрген төрт өзбек азаматы үнді жігітті ұрлап кеткен

  • AstanaTV
  • 24 қараша 2022
  • 2601

Қазақстанда Үндістан азаматын ұрлап әкеткен 4 өзбек ұсталды. Олар 27 жастағы үнді жігітті Қарағандыда күштеп көлікке отырғызып, Астана қаласына алып кеткен. Пәтерге апарып, қорқытып, ұрып-соққан. Азаптан босату үшін 200 мың АҚШ долларын талап еткен. Бақытына орай кепілдегі азамат орайын тауып полицияға хабарлап үлгерген. Қарағанды облыстық Полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері арнайы жедел-іздестіру шаралары барысында 26 және 34 жас шамасындағы күдіктілерді ұстады.

Бақытжан ҚҰДИЯРОВ, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:

Жәбірленуші күдіктілердің ұйықтаған сәтін пайдаланып, Астанадағы пәтерден қашып шығып полицияға хабарлаған. Адам ұрлау күдігімен жастары 26 мен 34 жас аралықтарындағы төрт Өзбекстан азаматы ұсталды. Қазіргі уақытта адам ұрлау, заңсыз бас бостандығынан айыру және бопсалау баптарымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

А. Қуаш