Русский Сайттың толық нұсқасы

Елордалық мекемелерге 700-ге жуық қызметкер жетіспейді

  • AstanaTV
  • 24 қараша 2022
  • 1381

Өзге қаладан келіп, жалданып жұмыс істеп жүргендерге құлаққағыс. Елордалық мекемелерге 700-ге жуық қызметкер жетіспейді. Бүгін бас қалада бос орындар жәрменкесі өтті. Онда пробация есебінде тұрған немесе бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін де сексеннен астам жұмыс орыны қарастырылған.

Жәрмеңкеге әр түрлі саладағы 43 жұмыс беруші ұйымдар қатысты. Оның 5-і мүгедектігі бар жүзден астам азаматты және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмаған жастарды жұмысқа орналастыруға дайын. Тіпті 8 жұмыс беруші орталық соттылығы бар азаматтар үшінде бос жұмыс орындарын ұсынды.

Әсел ЗАМПАЙ, ЖҰМЫС БЕРУШІ:

Оншақты адам келді. Сол оншақты адамның сегіз адамы бізге түйіндемелерін берді. Енді біз міндетті түрде ол түйіндемелерді қарап, өзіміздің компанияға сұхбатқа шақыратын боламыз.

Мұндай жәрменкелер жұмыс іздеген азаматтар үшін өте қолайлы дейді, -елордалықтар. Себебі, барлық жұмыс берушіні бір жерден-ақ табуға болады.

Айдар ТҮСЕНБЕКОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Маған түйіндемені тастау үшін мекемелер тізімі берілді. Таңдау жасадым, өзім ұнатқан жұмыстармен сөйлесіп көрдім. Әрине, мұндай бос орындар жәрмеңкесінің тиімділігі көп. Қай мекемеде орын барын білеміз.

Жәрменкеде жоғары білімі бар азаматтар үшінде жұмыс орындары бар. Жалпы денсаулық сақтау, құрылыс, өндіріс және сауда салаларындағы қызметкерлер жәрменкеде сұранысқа ие болды.

Азамат БАЙТАСОВ, АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІ ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Бұл негізі жылдың басынан бастап ұйымдастырылып жатқан 10-шы жәрменке. Оның алдында өткен 9 жәрменкенің нәтижес бойынша 2 мыңнан астам азаматымыз бұл жәрменкеге қатысып, мың азаматымыз осы еңбек бағдарламасы бойынша жұмысқа орналастыру белсенді шараларына консультация алып 480 азаматымыздың 270-і тұрақты жұмысқа тұрды.

Өткен жәрмеңкелердің қорытындысы бойынша 500-ден астам адам әңгімелесуге шақырылған. Оның ішінде үш жүзге жуығы жұмыспен қамтылған.

Б. Сатуов