Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республикалық қоғамдық штабы саяси науқан кезіндегі үгіт-насихат жұмыстарын қорытындылады. Штаб басшысы Ерлан Қошанов президенттік сайлау заңға және халықаралық нормаларға толық сәйкес өткенін айтты.
Ерлан ҚОШАНОВ, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ШТАБТЫҢ БАСШЫСЫ:
Бұл тарихи сайлау болды. Тарихи жеңіс болды. Біз бұл жеңіске береке-бірлігіміздің арқасында, мемлекетшіл ұстаным мен саяси мәдениетіміздің арқасында біз қол жеткіздік. Халықтық коалицияның жұмысы мұнымен аяқталмайды. Сайлауалды бағдарламаны іске асыруға келген кезде және де реформаларды біздің Президенттің іске асыруға келген кезде барлығымыздың ұстанымымыз бір болуы керек деп ойлаймын.
Жақсыбек КҮЛЕКЕЕВ, ЭКОНОМИСТ, ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ:
Сайлаудың нәтижесі қалың бұқара мен Президент және билік арасындағы 7 жылдық келісім шарт екенін бәріміз естен шығармауымыз керек. Сондықтан, менің түсінігімде жалғыз Президент емес, осы науқанға қатысқан барлық азаматтың халық алдында алған ортақ міндеттері бар екенін біз ешқашан естен шығармауымыз керек.
Жиынға Халықтық коалицияның мүшелері, партия өкілдері, қоғам қайраткерлері қатысып, өзара пікір алмасты.
Тоқтар ӘУБӘКІРОВ, ҚАЗАҚТЫҢ ТҰҢҒЫШ ҒАРЫШКЕРІ, ҚР ХАЛЫҚ ҚАҺАРМАНЫ:
Алдымызға қойған мақсатымызды Президент бізге қойған мақсатымызға жетуіміз үшін бәріміз бірдей болып, атсалысайық, көмектесейік. Сонда ғана Президенттің бағдарламасы орындалады.
Олжас СҮЛЕЙМЕНОВ, «QAZAQSTAN TEAM» ЖАСТАР ҰЙЫМЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:
Жастар үшін Әділетті Қазақстан өте қажет. Өйткені Әділетсіздікке тап болған жас ешқандай бағдарламаға, ешқандай уәдеге сенбейді.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың жақтастары 42 қала мен 5000-нан астам ауылды аралады. Олар өткізген 24 мың үгіт-насихат іс-шарасына 3 миллион сайлаушы қатысты.