Русский Сайттың толық нұсқасы

Отандық дәрігерлер сирек кездесетін ауруға шалдыққан науқасты емдеп шығарды

  • AstanaTV
  • 25 қараша 2022
  • 1200

Отандық дәрігерлер сирек кездесетін ауруға шалдыққан науқасты емдеп шығарды. Сүйек кемігін аллогенді жолмен алмастыру тәсілі елімізде 2012 жылдан бері қолданылып келеді. Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының мамандары тағы бір науқасқа жаңа қан құю арқылы жілік майындағы қан жасалу жолдарын қалпына келтірді. Қазір елімізде сүйек кемігіне трансплантация жасауды қажет ететін 300-ге жуық науқас бар. Оның 80-і – бала.

Дайыр НҰРҒАЛИЕВ, «АНА МЕН БАЛА» ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ:

Бұл - біз үшін мереке! Орталық мамандары тағы бір науқасты емдеп шығарды. Балақайға өзінің әкесі донор болды. Операция сәтті өтті, бала жазылды. Қзаір жағдайы жақсы. Науқастың денсаулығын бақылауда ұстаймыз. Біздің орталық осыған дейін 176 сүйек кемігіне трансплантация жасады. Оның ішінде 30 кішкентай бала бар.

А. Задабек