Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырауда Қасым-Жомарт Кемелұлы дүниеге келді

  • AstanaTV
  • 25 қараша 2022
  • 1125

Атырауда Қасым-Жомарт Кемелұлы дүниеге келді. Президент сайлауынан кейін дүние есігін ашқан нәрестеге әкесі ырымдап осындай есім қойған. Бөбекті бүгін туыстары перзентханадан шығарып алды. Қасым-Жомарт - отбасындағы бесінші бала. Алдында екі ағасы мен екі әпкесі бар. Президент есімін алған нәрестенің салмағы 4 келі 390 грамм. Бойы 56 сантиметр. Туыстары мемлекет басшысының есімін иемденген балапан болашақта дипломат болса деген үмітте.

Кемел ИМАНҒАЛИЕВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Бүгін - өте қуанышты күн. Дүниеге ұлым келіп жатыр. Бесінші ұлым. Қараша айында президенттің сайлауы өтті. Онда Қасым-Жомарт Кемелұлы жеңіске жетті. Соған сәйкес, өзімнің ұлымның атын Қасым-Жомарт деп қойдым. Өзімнің есімім Кемел. Сонда Қасым-Жомарт Кемелұлы болады.

Б. Надірқызы