Елордада жас саясаткерлер легі қалыптаспақ. "AMANAT" партиясы Саяси менеджмент академиясы жанынан жас саясаткер мектебі ашылды. Оған алдын ала еліміздің әр өңірінен өзіндік пікірі мен пайымы бар 50 жас іріктелген. Көпшілік алдында сөз сөйлеу, саяси коммуникация, жобаны басқару, көшбасшылық қасиетті қалыптастыру курстары бойынша 5 күндік дәріс ұйымдастырылды. Жоба аясында жастар елімізге белгілі саясаттанушылар мен халық қалаулыларымен кездеседі. Олар ел ісіне ерте жастан араласып, мемлекеттік басқару жүйесінде де қызмет ете алады. Мұндай тәжірибе дамыған мемлекеттерде оң нәтиже берген.
Дәулет КӘРІБЕК, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:
Жас саясаткерлер мектебінің негізгі мақсаты- біздің елге, жерге, жалпы халыққа қызмет ететін жастардың жаңа буынын қалыптастыру. Абай атамыз айтады: «Жақсы адамның адам болып қалыптасуы оның ортасы, ата-анасы, достары, сосын ұстазы әсер етеді»,-деп айтады. Сондықтан бізге әрбір адамның, әрбір жастың, осы мемлекет ісіне, ел ісіне араласқаны өте қатты қажет.
Р. Бақытжанқызы