Қызылордада ауа райының қолайсыздығына байланысты 1-4 сынып оқушылары онлайн режимде оқуда. Себебі ұйытқи соққан желдің екпіні қатты. Бір мектептің және көпқабатты үйдің шатыры ұшып кетті. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ.
Қызылордада негізі екі күннің бірінде жел. Жұртшылық бұған үйреніп кеткен. Бірақ айтуларынша, қаланың коммуналдық жүйесі табиғаттың тосын мінезіне үнемі дайын болмайды. Кей жерлерде жарық өшсе, кей бағыттар бойынша қоғамдық көліктер кешіккен.
БЛИЦ-САУАЛНАМА:
-Кешкі 6-ның өзінде қоғамдық көлік болмады. Балалар тоңғаннан жылады. Сондықтан таксимен қайтуға тура келді. Халықтың барлығы аялдамада сағаттап күтті. Күннің суығында бұл болмайды ғой.
-Шатыр істегендер, дұрыс салмайды. Ұшады, жел болса далаға шыға алмайтын болдық қой. Балаларға да жүгіреміз. Шатыр ұшып басымызға түседі ма, балаларға түседі ма деп.
-Желде үйде болдық. Үй салқын болып кетті. Балаларды мектепке, сабаққа жіберген жоқпыз. Кешегі салқын аяз ерекше болды.
М. Тоқтасынқызы