Русский Сайттың толық нұсқасы

Елбасы теңге бағамына қатысты түсіндіру жұмыстарын жалғастыруды тапсырды

  • AstanaTV
  • 03 тамыз 2016
  • 2795

Теңге бағамына қатысты ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жалғастыру керек. Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевқа осындай тапсырма жүктеді. Ақордада мемлекет басшысының қабылдауында болған бас банкир қаржы-несие саласындағы мәселелер бойынша есеп берді. Президент ішкі валюта нарығындағы жағдайды тұрақтандыруды қамтамасыз ету қажеттігін баса айтты. Екінші деңгейлі банктер арқылы экономиканы несиелендіру көлемін арттыру шараларын қабылдау қажеттігіне де назар аударды. 

Данияр Ақыше, ҚР Ұлттық банк төрағасы: 

Валютаның еркін айырбас бағамы жағдайында 2016 жылдың шілде айында орын алған теңге бағамының құбылуы ішкі экономикалық тұрақтылыққа еш қауіп төндірмейді. Бұл жағдайда ешқандай тәуекел байқалмайды және  валюта бағамында қандай да бір өзгерістер орын алады деп күтіліп отырған жоқ. Инфляция деңгейі қалыпты. Банк жүйесіндегі жағдай да тұрақты. Ұлттық банк қаржы секторындағы жағдайды тұрақтандыруға бағытталған саясатты жалғастыра береді. Президент валюта нарығында тұрақтылық орнатуды тапсырды. Бұл тапсырма орындалады.

Айгүл ӘДЕПБАЙ