Екібастұздың жылу желілеріндегі апатқа байланысты қылмыстық іс қозғалды. Павлодар облыстық прокуратурасы тергеу жұмыстарын бастады. Ал қалада әлі 17 көп қабатты үйде жылу жоқ. Бүрсең қаққан халық жылыту орындарын паналап жүр.
Бұл- тегін жылытқыш алуға бара жатқандар. Осыдан-ақ, халықтың қандай күйде екенін байқауға болады.
Мақпал МЫРЗАШЕВА, ЕКІБАСТҰЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Жылу жоқ. Су біресе өшіп қалады. Электр энергиясының берілуі біресе бар. Біресе жоқ, тоқтап қалады. 3 баламен бір бөлмеде тығылып отырмыз. Бүгінгі таңда жағдайымыз мүшкіл.
Қалада 17 көпқабатты үйде әлі жылу жоқ. Шаһар билігі бүгін жөндеу жұмыстарын аяқтаймыз -деп отыр. Апат орнында 42 бригада жұмыс істеп жатыр. Ал 1000-нан астам пәтерге зақым келген. Өңірге келген Премьер-министрдің орынбасары шығынды толық өтейміз –деді.
Серік ЖҰМАНҒАРИН, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ- САУДА ЖӘНЕ ИНТЕГРАЦИЯ МИНИСТРІ:
Әрбір осы қаланың азаматының қалтасына қандай шығын бар. Мына компаниялар иелері толығымен қайтарады. Сол себепті осы жұмысты анықтау, жеке тұлғалардан арыз алу, барлығын есептеу жергілікті атқарушы орган өзіне алады.
Екібастұз тұрғындарына 5 мың жылытқыш тегін таратылды. Енді шаһар халқын тұтынған электр энергиясын кім төлейді? - деген сұрақ мазалап отыр. Әзірге аймақ басшылығы бұл мәселені шешеміз деуден әрі аспады.
Ө. Қуанар