Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада үйлеріне газ кіргізсе де, игілігін көре алмай отырғандар бар

  • AstanaTV
  • 30 қараша 2022
  • 1715

Елордадағы Шангерей Бөкеев көшесіндегі жұрт жылуға жарымай отыр. Қыстың көзі қырауда үй ішінде қабат-қабат киіммен жүруге мәжбүрміз дейді тұрғындар. Бұл тек биылғы проблема емес. Былтыр да дәл осылай қиналған көрінеді. Баспаналарына табиғи газ кіргізіп, бірақ оның игілігін көре алмай, мұздай үйде бүрсеңдеген жұрттың жанайқайын Дәрібек Оңласын жеткізеді.

Дәрібек ОҢЛАСЫН, ТІЛШІ:

Мынау жылу жүйелерінің бәрі мұздап қалған. Үйдің іші азынап тұр. Ал София әжей болса немерелерім балабақшадан келсе суықтап ауырып қалады деп дәл осы электр құрылғысы арқылы үйді жылытып әлек.

Қарияның қарызы шаш-етектен. Себебі ол несие алып үйіне газ құбырын кіргізіпті. Алайда қуанышы су сепкендей басылыпты. Жылудың жалыны суықта жаураған денені қыздыра алмайды. Бірде бар, бірде жоқ.

София АЛЕКСАНДРОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Бізге газ әкеледі дегенде қуандық. Бірақ сапасыз шықты. Енді жалғыз мен емес, мына көшелердің бәрі қызметкерлерді шақырады. Күнде шақырамыз. Алғашқылардың бірі болып қосылдық. Бірақ олардан не пайда Қазір үйде жылытқыш пайдаланып отырамыз. Оның өзі бірталай тоқты айналдырады. Егер жарық болмаса, жылу да болмайды.

Осы көшенің тұрғындарының бәрі дәл осылай қиналып отырғандарын айтады. Мәселені айтып, олар талай табылдырықты тоздырған. Бірақ-нәтижесіз.

БЛИЦ:

- Бізге газ кіргелі көп болған жоқ. Бірақ қуанғанымыз су сепкендей болды. Биылдың өзіңде бірнеше рет қатып қалып жатыр. Таңертең түсте үйде жылу жоқ.

- Үйде бізде жылу жоқ. Тұрақты температура болған емес. Газдың трубасын сапасыз жүргізді ме, қатып қала береді. Күнде қызметкерлерді шақырамыз. Біршама ақшаға орнатамыз бірақ сапасыз.

Жауапты мекеме де мәселеден хабардар. Алдағы бірнеше күнде түйткілді шешуге уәде берді.

Айбек ЕРҒАЛИ, "ҚАЗТРАНСГАЗАЙМАҚ" АҚ АСТАНА ӨНДІРІС ФИЛИАЛЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Сарыарқа ауданына қарасты Бөкеев даңғылындағы орналасқан көшедегі мекен жайдағы жағдайды біз жақсы білеміз. Айта кететін болсақ газ құбырын әкімшілік тарапынан салынған "ҚазТрансГаз Аймақ" Астана өңдірістік филиалы сол газ құбырымен газды тасымалдаумен айналысады. Бүгінгі таңда әкмшілікке мәліметтің бәрін жеткізіп халықтың мұның. Осы апта аяғына дейін осы көшеде орналасқан үйлердің жер астынан құбырдан шығу газ құбырының 25 тік диаметрді 57 ге ауыстыруға күнде 2 үйден атсалысамыз. Осы аптаның жексенбісіне дейін осы шаруалар бітеді.

Тұрғындарды екі жыл сарсаңға салған мәселеге осылайша нүкте қойылады деді Айбек Ерғали. Ал, жұртшылық бұл тағы сиырқұйымшақтанып кетпей ме деп алаңдайды.