Русский Сайттың толық нұсқасы

Ескі етігін жөндетуге әкелетіндер неге көбейді?

  • AstanaTV
  • 30 қараша 2022
  • 2633

Құны қымбат. Сапасы нашар.Қазақстанда аяқ киім бағасы аспандап кетті.Статистика бюросы келтірген мәліметке сәйкес 16,6 процентке өскен. Ел-жұрт ескірген етігін жаматып әуреге түсуде. Ал етікшілер тозған аяқ киімдерді жөндеп үлгермей жатқанын айтады. Өңірлердегі тілшілеріміз тақырыпты тарқатады.

Мөлдір ЖАҚАН, ТІЛШІ:

Алматыда етік, бәтеңке және басқа да аяқ киім бағасының көтерілгені байқалады. Мегаполис тұрғындары оның 35 %-ға дейін қымбаттағанын айтады. Бұл халыққа ауыр тиіп отыр. Жұрт амалсыздан, керегін несиеге алуға көшкен.

БЛИЦ:

- Балалардың аяқ киімі өте қымбаттап кетті. Өте қиын болып жатыр жұртқа. Бірнеше жұмыс аламыз балаларды асырау үшін.

- Менің 3 балам бар. З баланың бәріне бірдей аяқ киім алу қымбаттап бара жатыр.

- Соңғы 2-3 жылда қатты қымбаттап кетті киім-кешектің және азық-түліктің бағасы. Шыны керек, ақша жетпейді. Не продукты, не киім-кешек. Екеуінің біреуін таңдау керек болады.

Бағаның өскенін кәсіпкерлер де мойындайды. Елімізге аяқ киім Түркия, Ресей және Қытайдан әкелінеді. «Әр елдің валюта бағамы мен жеткізу қызметіне қарай баға өсе береді дейді. Қазір ең арзан деген аяқ киім 15-20.000 теңге болса, сапалылары 80-100.000 теңгеге дейін барады. Ал отандық өнімдер импортпен бәсекелесе алмайтын көрінеді.

Олжас МОЛДАМҰРАТ, КӘСІПКЕР:

Түркия, Ресейдікілер іші-сырты түгелімен былғарыдан жасалған. Бюджетныйдан бастап эксклюзивныйға дейін сатылады. Түркиянікілер 15-20 пайызға өсті. Пекиндікілер аса өсе қоймады. Юань сол қалпы тұр. Ресейдікі біраз өсіп кетті. Мысалы, алдыңғы жылы 50.000 теңге болған модельдер биыл 80.000 теңге болды. 35 пайызға өсті.

Мөлдір ЖАҚАН, ТІЛШІ:

Кәсіпкерлер тауардың арзандамайтынын, жылдан жылға тек өсе беретінін айтады. Оның бірнеше себебі бар, соның біреуін Тараздағы әріптесім Берік Жұмабай айтады.

Берік ЖҰМАБАЙ, ТІЛШІ:

Тараздағы былғары аяқ киім өңдейтін кәсіпорын жылына 200 мың данадан аса өнім шығарады. Өнім тек Жамбыл облысын қамтиды. Өйткені басқа аймақтардан сұраныс аз. Ал бағасы сырт елден келетін аяқкиімдерге қарағанда қатты қымбат емес дейді. 8 мыңнан басталады, қыстық етіктер 20 мыңға дейін. Себебі, шикізат- былғары тері өзіміздің жергілікті өнім болса, қалған бау, ине секілді қажетті құралдар өзге елден келетін көрінеді.

Мұхтар ШАЮНУСОВ, КӘСІПОРЫН ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Тері өзімізден,ине, бау басқа да ая қкиімге керек материалдарды Ресей, Турция, Европа, Қытай алдырамыз. Себебі ол заттар бізде шықпайды. Таза былғарыдан тігіледі. Сапасы жақсы, бағасы да қолжетімді.

Бірақ, отандық өнімге сұраныс төмен. Тұрғындар қазақстандық аяқ киімдердің сапасы жақсы болғанмен түрі көңілден шықпайды дейді.

БЛИЦ:

- Таразымызды шығып жатқан етіктердің сапасы негізі жақсы. Бірақ енді түр жағынан шын мәнісіне келгенде онша емес.

- Жаман деп айталмаймын, жылуы бәрі жақсы. Бірақ енді ашығын айтқанда сәл онша түрі әдемі емес да. Алдым, бағасы ыңғайлы қымбатта емес.

Берік ЖҰМАБАЙ, ТІЛШІ:

Жұрт арзан әрі сапалы аяқ киім қалайды. Бірақ, оны табу оңай емес. Сондықтан кейбіреулер өзінде барын ұқыптап, бірнеше жыл киюге тырысады. Менің бұл сөзімді әрі қарай Қостанайдағы әріптесім Заңғар Санай жалғастырады.

Заңғар САНАЙ, ТІЛШІ:

Қостанайда не көп, етікші көп. Соңғы кездері солардың жұмысы қызды. Біз қаладағы ательенің біріне бардық. Етігін жөндетуге келген талай адамды кездестірдік. Бірақ сұхбаттасуға ешкімнің зауқы жоқ.

Шаһар орталығындағы шағын ателье 20 жылдан бері жұмыс істейді. Соңғы жылдары ескі етігін жөндетуге әкелетін әлеуметтің қатары артқан. Биыл тіпті көбейіп кетті. Жұмыс уақытын ұзарттық. Сонда да үлгермей жатырмыз, дейді шеберлер.

Елизавета БЕЛОВА, ЖЕКЕ КӘСІПКЕР:

Иә биыл аяқ киімін жөндетуге әкелетіндер өте көп. Өйткені етік қымбат. Оның үстіне сапасы нашар. Кейбір аяқ киімнің табаны екі аптада түсіп қалады. Жаңасын қалтасы көтермегендіктен жаматып, жөндетіп алады.

Былғары, желім, аяқ киімнің түрлі табаны сынды шикізат ресейден келеді. Оның да бағасы өсті. Соған байланысты етік жөндеу құны да еселенді. Қазір шамамен 3-7 мың теңге аралығында, дейді етікшілер.

Заңғар САНАЙ,ТІЛШІ:

Күзі суық, қысы қытымыр келетін Торғай-Тобыл өңірінде табаны қалың, сапасы тәуір, қонышы ұзын етік киген абзал. Алайда сапалы етіктің құны аспандап тұр. Кейбір дүкендерде елу мың теңгеден асып түседі. Одан да қымбаты бар. Сондықтан көпшілігі ескісін жамап, жылы жүрудің қамын жасауда.

Б. Жұмабай