Русский Сайттың толық нұсқасы

Түркістан облысы Келес ауданының 6 мыңдай тұрғыны әлі арықтан су ішіп отыр

  • AstanaTV
  • 30 қараша 2022
  • 1895

Түркістан облысындағы Алпамыс батыр ауылдық округінің тұрғындары әлі күнге дейін арықтың суын ішіп отыр. Елдімекенді ауыз сумен қамту үшін былтыр 900 млн теңгеге жуық қаражат қарастырылған. Су шығарамыз деген мердігерлер содан бері жерді бұрғылап жатыр, әлі бұрғылап жатыр. Бірақ, судың әзір шығатын түрі жоқ дейді жұртшылық.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Алпамыс батыр ауылдық округіндегі қос ауылдың көшелері қазір мынадай балшыққа айналған. Былтыр бір рет құбыр тартқанмен іс шала бітіпті. Енді қарашаның қара суығында қайта қазып жатыр. Азабын біз тартып жатырмыз ,- дейді жергілікті халық.

Зура СҰЛТАНБЕКОВА, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:

Көшелеріміздің барлығын кашасын шығарып кетті. Ол жерге адам да түсіп жатыр. Мал да түсіп жатыр. Машина да түсіп жатыр. Қазған жерлерін жөндеп бекітпейді бұлар. Төбе-төбе, лай-лай, шұқыр-шұқыр қылып кеткен бәрін.

Ақжол мен Қауыншы ауылын таза сумен қамту үшін былтыр 900 млн теңгеге жуық қаржы қаралған. Тұрғындардың айтуынша, сонан бері әлі күнге дейін бұрғылау жұмыстары жүріп жатыр.

Гаухар ЖОРАЕВА, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:

Изначально біз айтқанбыз, бұл жерден су шықпайды. Сначало суларыңды қазыңыздар, одан кейін біздің көшелеремізді қазыңдар, біз шыдаймыз дедік су шықса. Бірақ бұлар бірде бір ожау суды көрсеткен жоқ бізге әлі.

Әу баста су көзі 50-70 метр тереңдікте жатыр деп көрсетілген. Бірақ қазір 800 метрге дейін бұрғылап қойдық дейді мердігерлер. Ал қазір жұмыс тоқтап тұр. Электр энергиясы жоқ дейді.

Марат ӘБИТАЕВ, МЕРДІГЕР КОМПАНИЯНЫҢ СЕНІМДІ ӨКІЛІ:

Екі рет қазамыз, керек болса үш оны үш рет қазамыз. Өйткені.. Неге жазда істемедіңіздер? Себеп су шықпай қалды баста жаздың күндері. Судың шыққанын біз күтіп отырдық.

Су шықпаса да, бұл жобаға қаралған қаражаттың 700 млн теңгесін әкімдік мердігерге аударып қойған. Сондықтан бұл жұмыс біздің бақылауымызда дейді жергілікті билік өкілдері.

Бақытжан ШЫРЫНБЕКОВ, КЕЛЕС АУДАНДЫҚ ТҮКШ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Декабрь айында біз қабылдау жұмыстарын жүргізбейміз. Себебі құрылыс-монтаж жұмыстары кешігуде. Ол бойынша біз декабрь айында талап-арыз ұсынылатын болады. Ол талап арызда айыппұл салынады.

Мердігерлер су қаңтар, ақпан айларында беріледі дейді. Ал халық егер бұл уәде орындалмаса, сотқа жүгінеміз деп отыр.

А. Төребекқызы