Русский Сайттың толық нұсқасы

1,4 млн қазақстандықтың мойнында 1 трлн 450 млрд теңге кешіктерілген несиесі бар

  • AstanaTV
  • 01 желтоқсан 2022
  • 1978

1,4 миллион қазақстандықтың мойнында 1 трлн 450 млрд теңге кешіктерілген несиесі бар. Яғни, төлеу мерзімі 90 күннен асып кеткен. Бұл туралы қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мәлімдеді. 365 мың адам 5 жылдан бері берешегін төлемеген. Бұл проблемалық қарызы бар азаматтардың 28 пайызы. Мәселені шешу үшін жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң жобасы әзірленді. Оған кімдер ілігеді, тәртібі қалай? Тілшіміз толықтырады.

Аружан ҒАЛЫМЖАНҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Елімізде 7 миллионға жуық адамда несие бар. Бір емес, бірнеше банкттен қарыз алғандары жетерлік. Тіпті тұрмыстық техниканы былай қойғанда ішер асты, киетін киімді несиеге рәсімдейтіндер көбейді. Үсті-үстіне алған сайын, төлеуде қиындай береді. Ақырында мерзімі өтеді, қарызға белшеден батады.

Аты-жөнін атамауды өтінген 47 жастағы азаматтың басында екі несиесі бар. Төлемегеніне 3 жылдан асып кеткен. Тапқан табысым күнкөрістің қамымен әп-сәтте жоқ болады дейді.

ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Мен несиемді төлемеймін. Себебі оған мүмкіндігім жоқ. Миллион екі жүз мың көлемінде екі несием бар. Қара жұмыс істеймін. Алған жалақым жетпейді. Қазір өмір сүру қиындап кетті.Әр жерде бір түнеп, күнімді көруге мәжбүрмін. Азық-түлік те қымбат.

Елімізде 1,5 млн қазақстандық несиесін мерзімінде төлемеген. Берешекті кешіктіргендеріне 90 күн асып кеткен. Ал оның 365 мыңы тіпті 5 жылдан бері қарызын өтемей жүргендер.

Мейрамгүл, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

65 мыңнан төлеймін біреуінде, біреуінде 38 мыңнан төлеймін. Почти бәрі кетеді, қалғаны бір 50 мыңдай өзіме қалады. Соған күн көрем. Балаларымыз бар, әйтеуір бүйтіп-бүйтіп. Әрине, банкроттық жасаса үкімет бізге жауып берсе, оны қалай жариялау керек, оны біз білмейміз де.

Осы санаттағы азаматтардың жағдайын жақсарту үшін жаңа заң жобасы әзірленді. Заң жобасында банкроттықты рәсімдеудің үш нұсқасы бар. Соттан тыс және сот арқылы. Үшіншісі – төлем қабілеттігін қалпына келтіру. Егер несиенің мерзімі бір жылдан және 1600 айлық есептік көрсеткіштен аспаса, соттан тыс банкроттық рәсімдей алады. Ал проблемалық қарызы 4,9 млн теңгеден асатын азаматтар бұл процесті сот арқылы жүзеге асырады.

Ержан БІРЖАНОВ, ҚР ҚАРЖЫ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

Осы процедураны нақты тез арада оңтайландыру өткізу үшін біз цифрлық форматта жұмыс көздеп отырмыз. Соттан тыс банкроттық «Электрондық отырыс» веб порталымен байланысты болады. Барлық азаматтар арыз беру арқылы сайт арқылы біз мәлімет аламыз.

Арыз жолдап, барлық тексерістен өткен жеке тұлғаға 6 айдан кейін банкроттық рәсімделуі мүмкін. Жеке тұлғадан басқа банк те, оның жақын туыстары да оны банкрот деп жариялай алмайды. Соттан тыс банкроттық рәсімдеген азаматтар бірқатар шектеулерге тап болады

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

-Бір жағынан шын мәнінде халыққа мұндай жағдай жасалып жатқаны дұрыс. Өйткені мұның да шын мәнінде банкротқа ұшырап жатқан адамдар көп. Аузы-мұрнынан кредит алып. Төлей алмай жатқан.

-Несиені алар кезде шамасына қарап. Айлығына қарап, ертең жете ме? Жетпей ме деген мәселелерді қарастырып алған жағдайда бәлкім кейін оған қиын болмайтын шығар.

Банкроттық рәсімдесем, барлық мәселем шешіледі деп ойлау қате. Мәселеге бояуы сіңбей тұрып, назар аударған жөн. Халықтың қаржылық сауаттылығы артқан кезде ғана тұтынушылық кредиттен бас тартатын болады.

А. Ғалымжанқызы