Русский Сайттың толық нұсқасы

«Билл Гейтс сізді қадағаламайды»,- министр

  • AstanaTV
  • 01 желтоқсан 2022
  • 1500

Қазақстандағы ұялы байланыс нарығына жаңа оператор қосылуы мүмкін. Бүгін министр осылай деді. Сондай-ақ ол, интернет тарифтерінің көтеріліп жату себебін айтты. Ал өзі қандай тарифті пайдаланады? Елімізде мобильді байланыс сапасы қашан жақсарады? Әсел Дүкембаеваның бейнематериалы.

Әсел ДҮКЕМБАЕВА, ТІЛШІ:

Мына жерде интернет дұрыс ұстамай тұр. Мына жерден көрейік. Терезенің алдынан көрейік. Шалғай ауылдағылар түгілі, Астананың қақ ортасында жүріп-ақ, байланыс іздеп кететініміз өтірік емес. Сапа қашан дұрысталады?

Еліміздегі интернет сапасына халықтың көңілі толмайды. Бағасы қымбаттап барады, бірақ қызмет деңгейі сын көтермейді.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

-Ноль ғой, сеть вообще ұстамайды ғой бізде. Именно столица, Астана. Мысалы Жағалау вообще ұстамайды.

-Көбінде істемей қалып жатады. Ақшасын қайта ай бітпей бір күн бұрын алады. Но арасында сбой көп болады.

-Бағасы өзінің бағасына сай емес. Жөнді тартпайт та. Терезенің алдына қарай жүгіре бересің ғой. Зависать етіп қала береді.

Бүгін Сенаттың жалпы отырысынан кейін журналистер интернет сапасына қатысты сұрақты салаға жауапты министрге қойды. Алайда ол «Билл Гейтс сізді қадағаламайды» деп айды аспанға бір-ақ шығарды.

Бағдат МУСИН, ҚР ЦИФРЛЫҚ ДАМУ, ИННОВАЦИЯЛАР ЖӘНЕ АЭРОҒАРЫШ ӨНЕРКӘСІБІ МИНИСТРІ:

Сондықтан сіз БАҚ ретінде көмектесе аласыз, тұрғындарға ешкім ешкімді сәулелендірмейтіні туралы ақпаратты жеткізе аласыз, бұл базалық станцияларды пайдалана отырып, Билл Гейтс сізді бақылай алмайды.Шын мәнінде, бұл жай ғана өмірлік қажеттілік сияқты. Үйде су қажет, байланыс керек.

Айтуынша, қыркүйек айынан бері министрлік жүргізген тексерістен соң, 300 миллион теңгеге жуық айыппұл салынған. Егер базалық станцияларды үнемі қайта орнату қажет болмаса, онда байланыс пен интернет жақсы жұмыс істейтін еді дейді министр. Ал жағдай қашан тұрақталады дегенге былай деп жауап берді.

Бағдат МУСИН, ҚР ЦИФРЛЫҚ ДАМУ, ИННОВАЦИЯЛАР ЖӘНЕ АЭРОҒАРЫШ ӨНЕРКӘСІБІ МИНИСТРІ:

2024 жылы мен әрбір азаматқа 1 ГБАЙТ интернетті жасаймын деп уәде бере алмаймын. Бірақ бүгінгі бекітілген стандарттарға сай 2 жылдың ішінде барлық жұмысты жүргіземіз. Және де 5МГБ, 10 МБАйт жылдамдығы қамтамасыз етілетін болады. Бірақ ауылдық деңгейлерде Ал мынау 200 тұрғыннан төмен деңгейде біз ондай уәде бере алмаймыз. Ол жерге спутникалық технологиялар арқылы интернет тарататын боламыз.

Министр Бағдат Мусин интернеттің сапасы бойынша емес, бағасы бойынша ең арзан мемлекет екенімізді атап өтті. Себебі, мобильді интернеттің қымбаттауы бәсекелестіктің жоқтығында дейді. Яғни, бағаны тұрақтандыру үшін нарыққа тағы да бір желіні шығару керек. Министр алдағы уақытта бағдарлама дайындап, ауыл-аймаққа интернет пен ұялы байланысты қолжетімді етеміз деді.

Ә. Дүкембаева