Русский Сайттың толық нұсқасы

Халықтың әділетті қоғам қалыптастыруға ынтасы ерекше

  • AstanaTV
  • 01 желтоқсан 2022
  • 1582

Халықтың әділетті қоғам қалыптастыруға деген ынтасы ерекше. «AMANAT» партиясы жанындағы Азаматтық қоғам мен мәдениетті дамыту жөніндегі «Miras» республикалық қоғамдық кеңесінің отырысында «Әділетті қоғам: жаңа қоғамдық сананы қалыптастыру» тақырыбы төңірегінде келелі ой, кесек пікірлер айтылды. Олар қоғамдық сананы өзгертуді еңбекқорлық пен еңбек адамына деген құрметті қалыптастырудан бастау керек деп есептейді. Кеңес төрағасы, Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай үлкен өзгерістерге қадам басқалы тұрған тұста жауапкершілік жүгі қоғамның әрбір мүшесіне жүктелетінін баса айтты.

Аманжол ӘЛТАЙ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Кешегі Хәкім Абайдың, яғни әділеттік болмаған адамда мәдениетте болмайды деген сөздің астарында үлкен адам баласының толық адам болуы үшін қоғамға пайдалы адам болуы үшін ең бірінші әр адамның бойында әділеттік болу керек екендігі көрсетеді.

Дархан МЫҢБАЙ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Еңбекқорлық және еңбек адамына деген құрметті қалыптастыруымыз керек. Сонда сана бірден өзгереді деп ойлаймын. Өйткені біз әр саланың өзінің кәсіби мамандарына зәруміз қазір. Егер олар алға шығатын болса, оларға біз қолғабыс жасайтын болсақ, соларға қолдайтын болсақ, сонда ғана біз қоғамға ықпал ете аламыз.

Ә. Дүкембаева