Русский Сайттың толық нұсқасы

"Пәндік олимпиада әділ өткен жоқ"

  • AstanaTV
  • 02 желтоқсан 2022
  • 2658

Қызылордалық мұғалім Салтанат Дәулетбаева қалалық пәндік олимпиада әділ өтпеді деп наразы. Ол Осипенко атындағы №8 мектепте орыс кластарға қазақ тілі пәнінен сабақ береді. Айтуынша, аталмыш пәннен қала бойынша 9 оқушы сынға түскен. Қазылар алқасы оның 7-еуіне орын берген. «Ол тізімде менің шәкіртім жоқ» дейді. Бірақ оқушысының үздік шыққанына сенімді. Білім додасының барысында кемшіліктер көп дейді ол.

Салтанат ДӘУЛЕТБАЕВА, №8 А.П.ОСИПЕНКО АТЫНДАҒЫ МЕКТЕП МҰҒАЛІМІ:

Журиде отырған қазақ тілі пән мұғалімдері, неге өздерінің дипломированный орыс сыныптарының қазақ тілі пән мұғалімдерін журилікке алмаған. Журиде отырған пән мұғалімдер өздерінің мектептеріне жүрделі орындарын берген. Оқушыларға пәндік олимпиадада карандашпен белгілеткен екен. Ашықтық болмай тұрғаннан кейін, карандашпен жаздырып тұрғаннан кейін мен бұның арты таза емес деген өзімнің ой пікірімде тұрмын.

Салтанат апелляциялық шағым түсірген. Алайда, арызы қараусыз қалдырылыпты. Ұйымдастырушылар оның себебін, қазақ тілінен өтіп жатқан олимпиадаға өзге ұлт өкілдері ғана қатыса алады деп түсіндірген. Ал жүлдегерлерді анықтарда бұл талап ескерілмеген дейді мұғалім. Бұл жағдайға қатысты қалалық білім бөлімі ешқандай түсінік бермеді.Бірақ, әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатқан мәселеге бөлім басшысы жазба қалдырды.

Ерлан БОДАНОВ, ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

9:00 бастап апелляциялық комиссия жұмыс жасайды. Тиісті олимпиадаға қатысқан 5-6 сынып оқушылар жұмысымен танысып, дұрыстығын дәлелдеуге болады. Жазбада келтірілген ақпараттың шынайылығына қатысты деректер бойынша құзырлы орындарға хат жолданып, нәтижесі қосымша хабарланады.

М. Тоқтасынқызы