Русский Сайттың толық нұсқасы

2023 жылдан бастап адамдардың миына чип салынады

  • AstanaTV
  • 02 желтоқсан 2022
  • 3332

2023 жылдан бастап адамдардың миына чип салынады. Сол арқылы компьютер мен смартфонды оймен басқаруға болады. Илон Маск осылай деді. Ал сарапшылар бұл шектен шыққандық – дейді. Адамның ойын басқа біреудің басқаруы қауіпті екенін айтады. Халық роботқа айналып кетпей ме? Аружан Задабек зерттеді.

Илон Маск жаңа жылда адам миына чип орнату бағдарламасын сынақтан өткізе бастайтынын айтты. Чиптің көмегімен компьютер немесе смартфонды оймен басқаруға болады. Осыдан үш жыл бұрын бұл компания чипті маймылдарға және доңыздарға орнатып көрген. Кәсіпкердің айтуынша, чип жануар терісінің астында толығымен жасырылған және оған зиян тигізбейді. Ол санасы арқылы бейнеойындар ойнай алады.

Илон МАСК, АМЕРИКАЛЫҚ КӘСІПКЕР:

Біз көптеген сынақтар жасап жатырмыз. Неуролинк қауіпсіз және сенімді болатынына кепілдік береміз.

Әлеуметтік желіде бұл соңғы жылдары қызу талқылануда. Сарапшылар пікірі әртүрлі. Бірі бұл – дамыған технологияның дәлелі десе, енді бірі мұнын ойға қонымсыз екенін айтады.

Найджел Акланд, ШЕТЕЛДІК САРАПШЫ:

Біз асыра сілтеп жібердік деп ойламайсыз ба? Егер сіз адамды басқара алатын болсаңыз не істер едіңіз? Қолымыздан келетін және істегіміз келетін істің арасында шекара бар. Біз осы шекараны байқай бермейміз, одан аспау керек. Жануарлар әлемінде сіз белгілі бір шекарадан ассаңыз, жыртқыш аңға жем боласыз. Цифрлық әлемге де осындай бір шектеу қою керек.

Тұрғындар да осындай пікірде. Адам миын өзге біреудің басқаратынын ойлаудың өзі қорқынышты – дейді. Бұл технология іске асса, адамдар жаппай роботқа айналып кетпей ме деп алаңдайды.

БЛИЦ:

- Чип енгізген дұрыс емес деп ойлаймын. Бірақ енді технологияның дамығанына да адамдар бейімделу керек сияқты.

- Чип мүмкін емес басқа енгізу. Адамның өзінің табиғи қалпында қалай бар, солай жүру керек.

- Бәрінде күтуге қолады ғой. Адамдар роботқа айналып кететін болды.

Айти мамандар миға орнатылатын чип арқылы адамның қайда жүргенін білуге болады – дейді. Осы тұста Илон Масктың компания сайттары бірнеше рет хаккерлерге қолды болғанын ескерген абзал. Осындай жағдай тағы қайталанса, бұл – тұрғындар үшін өте қауіпті болуы мүмкін.

Ғасыр ҚҰРАЛБАЙҰЛЫ, IT-МАМАН:

Адамзат кез-келген технологияға күмәнмен қарайды, бұл заңдылық. Егерде бұл Илон Масктың айтқаны орындалып жатса, бұл үлкен технологиялық, медициналық прогресс деп айтушы едім.

Ойыңа не аласың, желіден сол нәрсе жылт ете қалады. Өзің таңданып, бұл қалай деп ойланып қаласың. Сондайда адам миында шынымен «чип» бар ма деген сұрақ туындайтыны рас. Бірақ мұны психологтар басқа нәрсемен байланыстырады.

Анаргүл ИБРАЙЫМБЕКОВА, ПСИХОЛОГ:

Адамның ойлау қабілеті өте ауқымды болып келеді. Және де ол бір ойлау қабілеті мидың негізгі механизмдерінің бірі. Біз қандай ақпарат туралы ойлаймыз, міндетті түрде сол алдымыздан шығады. Және де жүзеге асырылып жатады.

Аружан ЗАДАБЕК, ТІЛШІ:

Ұялы телефон, жеке куәлік, банк картасы, үйдің кілті. Мұның бәрі біздің сөмкемізден түспейді. Біреуін ұмытсаң, қайта үйге ораласың. Шетелдік ғалымдар мұның бәрін бір ғана чипке енгізуді жүзеге асырған еді. Енді сондай чипті миға енгізбекші, ойланып көріңізші.... Бұл - былайша айтқанда, тілегенің алдыңнан іздемей-ақ табылды деген сөз. Ғалымдар зерттеу нәтижесі оң болғанның өзінде мұның жүзеге асып, аспауы белгісіз екенін айтады.

А. Задабек