Русский Сайттың толық нұсқасы

Электронды темекіге толық тыйым салынуы мүмкін

  • AstanaTV
  • 02 желтоқсан 2022
  • 3825

Электронды темекіге толық тыйым салынады. Денсаулық сақтау министрлігі осындай бастама көтерді. Олар осылайша жасөспірімдердің денсаулығын қорғамақ. Бірақ сарапшылар жаппай тосқауыл "қара нарық" пен сыбайлас жемқорлыққа әкеледі деп санайды.

Дәрібек ОҢЛАСЫН, ТІЛШІ:

Кеңседе темекі шегу келмеске кетті. Бірақ көпшілік орындарда электронды шылымға рұқсат етіледі. Әсіресе, жастар "вейп" деп аталатын мынадай мини-кальяндарға қатты қызығады. Түтінін будақтатып, хош иісіне елігеді.

Қожа секілді түтінге тұншыққан жоқпын. Керісінше, түрлі хош иісі адамды қызықтырады. Бұл құрылғы ингалятор секілді. Ішіндегі сұйықтық қайнағанда бу шығады. Никотинді айтпағанда иісті әрлейтін қоспалардың өзі қауіпті, дейді мамандар.

Жанар ҚАЛМАҚОВА, ҚР ДСМ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ М.А:

Жасөспірімдер арасында электронды темекінің танымалдығы никотинге тәуелділікке ерте қалыптасуына әкеледі. Сондықтан өз денсаулығына және жақындарының денсаулығына қамқор болатын адамдар темекіден бас тартқан дұрыс деп санаймыз.

БЛИЦ:

- Қарсымын негізі электронный темекіге. Зиян деп ойлаймын денсаулыққа.

- Зиян ғой ол өкпені ауыртады. Мынау ауа райын құртады жалпы воздух құртады.

- Темекіні тартпау керек ол денсаулыққа зиян. Ол электронный болсын жәй болсын бәрібір ол зиян.

Дәрігерлер денсаулыққа зиян деп шырылдап-ақ жатыр. Жаппай сатылымда болғасын оқушылардың қолына оңай тиеді. Сарапшылар жасөспірімдерге тосқауыл қоюдың басқа жолын табу қажет деп отыр. Өйткені, "қара нарық" пен жемқорлық көбейеді деп алаңдайды.

Дмитрий ЖУКОВ, «QAZSPIRITS» ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:

21 жасқа толған әрбір азамат өзі үшін шешім қабылдай алады. Ол- оның таңдауы. Егер никотині көбірек, шылым тартқысы келмесе, электронды темекіні пайдалансын. Денсаулық министрлігі мәселені осылай шешеміз деп отыр ғой. Бірақ, дүкендерде заңсыз сатылып жатқан вейб сияқты мектеп оқушыларына сатып жатқандармен күреспей, керісінше барлық электрондық темекіге тыйым салуы дұрыс емес.

Кез келген мәселесінің екі ұшы болады. Өгізді де өлтірмей, арбаны сындырмаудың жолын табу қажет секілді.