Қазақстандағы әуежайлар жаппай сатылымға шығарылады. Ел Үкіметі 2023–2025 жылдары жекешелендірілетін әуежайлардың тізімін жариялады. Кімдерге сатылады, талабы қандай? Мерей Қалиасқар жауап іздеп көрді.
Жалпы саны 7 әуежай мемлекет меншігінен шығарылуы мүмкін. Олар мемлекеттік мүлік реестрі веб-порталында орналастырылды. Мәселен, келесі жылы қарашада Семейдің әуе қақпасы жекенің қолына көшпек. Сондай-ақ сол айда "Хиуаз Доспанова атындағы Атырау халықаралық әуежайының" жүз пайыз акциясының сату көзделген. 2 жылдан соң "Қостанай халықаралық әуежайы", "Өскемен әуежайы" мен "Павлодар әуежайы" мемлекеттік меншік қатарынан шығарылады. Ал Шымкент әкімдігі 2025 жылдың аяғына дейін әуежайын сатып болуы қажет.
Ақтөбедегі Әлия Молдағұлова атындағы халықаралық әуежайы сатылмауы мүмкін. Өткен жылы 7,3 млрд теңгеге бағаланған әуеқақпаны жекешелендіруге ешкім қызығушылық танытпады. Өткен айда нысан тағы да сатылымға шығарылған. Бірақ бұл жолы да инвесторлар табылмады.
Нұрлыбек ӨНЕРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ҚАРЖЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
Біз әуежайды 2021 жылдан 2024 жылға ауыстырдық жоспарды. Бірақ та қазір өңір басшысының тапсырмасымен біздер Премьер министрге хат жаздық. Сол әуежайды жекешелендіру жоспарынан алып тастауды ұсындық біздер. Қазір мемлекеттік комиссияда қаралып жатыр.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің дерегінше, Қазақстанда 20 әуежай жұмыс істейді. Соның ішінде 12-сі – мемлекеттік, 6-ауы – жеке. Тағы 2 әуежай сенімгерлік басқаруда. Сондай-ақ 6 тікұшақ айлағы бар. Егер жеті әуежай жекешелендірілсе, мемлекет меншігінде 5 әуе қақпасы ғана қалмақ.
Мақсат ХАЛЫҚ, ЭКОНОМИСТ:
Мемлекеттік меншіктің үлесі 50 пайыздан асып кетсе, экономиканың тежегіш күшіне айналады. Ресми мәліметтерде 50 пайыздан асады, ал бейресми мәліметтерде ол 70-80 пайызға барады. Жеке сектор тиімдірек менеджер деген ұғым бар. Негізінен мемлекеттік менеджмент жеке секторға жол беріп қояды.
Тұрғындардың пікірі әртүрлі. Бірі мемлекет меншілігінде болсын десе, енді бірі жекеге өтсе жағдай жасалу мүмкін деген ойда.
БЛИЦ:
- Сатпау керек. Ол стратегиялық объект. Көріп тұрған жоқсыңдар ма Екібастұзда стратегический объект сатып жіберіп, не болып отырғанын?!
- Мемлекет контролирует. Сатуға қажет емес.
- Талдықорғаннан келіп тұрмын мысалға. Ол жерде шын айтсам условия жоқ. Сатылса мүмкін условия пайда болады.
- Частный компания өздерінің білгенін қалайды бағасын. Аузына келгенін қояды. Оны неғып сатады?
Курьерлердің жұмысы көңілімнен шығады, тек бағасы жағынан жоғары.Әуежайды толық қамтамасыз ете алмағандықтан сатады. Әрі қажетті жабдықтары мен техникалық құралдар едәуір ескірген. Білікті мамандар жетіспеушілігі проблемасы өткір тұр.
Мерей ҚАЛИАСҚАР, ТІЛШІ:
Әуежайларды сатудың тағы бір себебі халық саны аз болғандықтан, әрі халықаралық рейстер дамымағандықтан жолаушылар мен жүктерді тасымалдаудың көлемі төмен. Салдарынан, әуежайлардың үлкен бөлігі шығын.
Стратегиялық нысанды жекеменшікке сатуға халық қалаулылары өре түрегеліп, қарсылығын білдірді.
Жанарбек ӘШІМЖАН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:
Ол дұрыс қадам деп есептемеймін. Аэропорт деген адамдардың ұшып қонатын жері ғана емес, бұл үлкен стратегиялық, қорғанысқа, қауіпсіздікке қатысы бар үлкен кешенді орын ғой.
Бақытбек СМАҒҰЛ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:
Тіпті қарапайым халықтан сауалдардың өзіне ғана емес, сол жерде отырған құзырлы полиция қызметкерлерінің өзіне орындардың барлығы сол меншіктегі қожайынның қалауына байланысты беріледі. Қауіпсіздік мәселесі.
Әуежайларды жекешелендіру мерзімдерінің негізінен 2024 жылға ысырылуы да бүгінгі мәселелерді шешу талабымен байланысты.
Қ. Мерей