Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда жазушылар мен публицистердің ІІІ халықаралық форумы өтті

  • AstanaTV
  • 05 желтоқсан 2022
  • 1676

Алматыда Қазақ Пен - клубының ұйымдастыруымен жазушылар мен публицистердің халықаралық форумы өтті. Шара барысында поэзия, проза және публицистика жанрының үздік өкілдері арнайы медальдармен марапатталды. 12 елден жиналған белгілі қаламгерлер өзара тәжірибе алмасты.

Форум «Жастар сөйлесін!» ұранымен өтті. Мұнда жас авторларды қолдау мәселесіне айрықша мән берілді. «Жастық жалыны», «Адамтас» кітаптарының авторы Ерғали Бақаш Мағжан Жұмабаев атындағы медальмен марапатталды.

Ерғали БАҚАШ, АҚЫН:

Өзара пікір алмасу, поэзия, проза, көсемсөз жанрлары бойынша талқылаулар болды. Аға-жазушылар, үлкен жазушылар біздің шығармаларымызды оқып, пікірлерін айтты. Мағжан Жұмабаевтың атындағы медальға ие болу біз сияқты жастарға үлкен жауапкершілікті, әдебиетке деген тазалықты міндеттейді деп ойлаймын.

Форумның мақсаты – қазақ әдебиетін шет елге насихаттау және қазақ жазушыларының шетелдік әріптестерімен шығармашылық байланысын нығайту. «Мұндай шаралар еліміз үшін маңызды, себебі, жас қаламгерлердің кәсіби деңгейін көтереді»,- дейді ұйымдастырушылар.

Бигелді ҒАБДУЛЛИН, «ҚАЗАҚ ПЕН-КЛУБЫ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

12 елден бізге белгілі жазушылар келді, 40 шақты жас жазушыларды осы Қазақстанның түкпір-түкпірінен шақырып, осы жерде поэзия семинарын, проза семинарын, публисцистика семинарын өткіздік. Мына бүгінгі жас жазушылар кім дегенде, керемет біз өзіміздің інілерімізді таптық.

Жазушылар мен публицистердің халықаралық формуы Алматыда осымен үшінші рет ұйымдастарылып отыр. Ол алдағы уақытта да өз жалғасын таппақ.

М. Жақан