Русский Сайттың толық нұсқасы

«Qazaqstan Project Management Awards - 2022» Ұлттық байқауы аяқталды

  • AstanaTV
  • 05 желтоқсан 2022
  • 812

Жобалық басқаруды енгізу сыбайлас жемқорлық пен бюрократияны азайтады. "Qazaqstan Project Management Awards-2022" байқауына қатысушылар осылай деп есептейді. Конкурстың мақсаты - өз қызметінде жобалық менеджменттің әдістері мен құралдарын белсенді қолданатын және енгізетін мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарды қолдау. Биыл додаға 60 ұйымнан 200-ден астам өтінім түскен. Жеңімпаздар үш номинация бойынша анықталған.

Ерлан ӘБІЛ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Үшінші жыл өткізіліп жатқан осы конкурс жыл сайын ұсынымдар көп екенін және берген ұсынымдарын жобаларының есептерінің сапаларының өсіп келе жатқанын айтуға болады.

Шыңғыс ӘЛЕКЕШ, ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ КАДР САЯСАТЫ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бұл конкурстың осындай деңгейде өтуі өте маңызды. Өте ерекше. Өйткені біз қазір мемлекет басшысы еліміздің Қасым-Жомарт Кемелұлы оның қойып отырған талабы мемлекеттік аппараттың алдында. Мұны қағазбастылықтан арылу, цифравизациялау және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту, міне осы міндеттерді қойып отыр.

Б. Сатуов